19
март
2021
Наурыз мерекесі
"№ 2 ОМ МДШО" КММ-де Наурыз мейрамына орай өткізілген іс-шаралар
туралы ақпарат
17-19 наурыз аралығында барлық сыныптарды "Наурыз жыл басы" тақырыбында сабақтар өтті. Мақсаты: Қазақтың мейрамдары — Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
1-6 сынып оқушылары «Алпамыс», «Қобыланды», «Алдар көсе» ұлттық ертегілердің кейіпкерлерін сурет салды. Мұндағы мақсат – халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің фольклорлық мәтіндердегі бейнелену барысын, ұлттық колоритін сақтай отырып, қағаз бетіне түсіру.
18 наурыз күні 1-8 сыныптар арасында қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, арқан тарту, бес тас ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізілді.
Сонымен қатар 5-9 сынып оқушылары "Бабалар өсиеті» тақырыбына эссе жазды. Мақсаты: Бабалар өсиетін жаңғырта отырып, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дарыту.