01
февраль
2021
Оқуға құштар мектеп
2020- 2021 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы
"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында "Ертегілер әлемінде" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты:
- Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау;
- Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
- Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.,
- Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.