Cпорт залымыздың ашылу салтанаты » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Cпорт залымыздың ашылу салтанаты
21
февраль
2024

Cпорт залымыздың ашылу салтанаты


21.02.2024ж. Мектебіміздің жанынан салынған спорт залымыздың ашылу салтанаты болып өтті.Қазақы дәстүрмен бата беріліп, шашу шашылып, жаңа спортзалдың лентасы қиылды. Спортзалды салуға облыс бюджетінен 45 млн 920 мың теңге бөлініп, құрылысты «Amanat First Construction» ЖШС жүргізді. Спорт залымыздың ашылу салтанатында қала әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы жылы лебізін білдірді. Текелі қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсебаев Ертай ағамыз жаңа нысанның ашылуына қолдау көрсеткен облыс, қала әкіміне алғыс айтып, жас буынның алдағы уақытта жақсы нәтижелерге жете беруін тіледі.
Спорт залымыздың салынуына өз үлесін қосқан барлық ел ағаларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!