#Сайлау2023 » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

#Сайлау2023

Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Үкілай Ахметуәлиқызы бүгін медальдарын мойнына тағып, ерекше сән-салтанатпен тұрғылықты мекенжайы бойынша Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
«Мен қазір Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Жасым 22-де. Сайлауға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Спортшылар қауымы да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. Жаңарған, дамыған, әділетті Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, бәріміз жұмыла үлес қосқанымыз дұрыс», – деді Үкілай.