Мектепке жол акциясы » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол акциясы
31
август
2021

Мектепке жол акциясы

    «Мектепке жол» республикалық акцияның мақсаты оқу жылының басына дайындық кезінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке баралмауының алдын алу үшін аз қамтылған,көпбалалы отбасылар санынан шыққан білім алушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және өзге де көмектер көрсету.
        Мектебімізде ата-аналармен «Атамекенім» қоғамдық қорының порталы бойынша ақпаратттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды. Бұл портал арқылы көмекке мұқтаж 20 ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алды.
Мектептегі көп балалы отбасылар, көмекке мұқтаж болған ата-аналар «Мектепке жол» платформасына тіркеліп қойды. Жалпы 20 ата-ана тіркелді.
        «Мектепке жол» акция шеңберінде қайырымдылық көмек көрсете алатын меценаттарға, демеушілерге хаттар жіберілді.
Тамыз айында Текелі қалалық мәслихатының апарат басшысы Сембаев Дулат Болатұлы 2 оқушыға аяқ киім мен спорттық киім, алып беріп демеушілік көмек көрсетті. Сонымен қатар «Элегия» дүкені 3 сынып оқушысына арнап мектеп сумкасы мен шалбар,жейде тарту етті. №2 орта мектепбінің орыс тілі және орыс әдебиет пәнінің мұғалімі Журавлева Ольга Леонидовна 6 «А» сынып оқушысына шалбар,аяқ киім мен мектеп сумкасын алып берді.

Похожие публикации:

02 октябрь 2020 Ақпарат
25 февраль 2019 Қамқоршылық кеңес