Қамқоршылық кеңес » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес
25
февраль
2019

Қамқоршылық кеңес

«№2 ОМ МДШО» КММ
Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы І-жартыжылдық бойынша
атқарылған жұмыстары бойынша
ЕСЕБІ


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қожабек А. төрағалық етуімен 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамында 5 адам жұмыс жасағандығы жөнінде, мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болғандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсеткендігі туралы да тоқталып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде айтты. Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналарды арнайы түрде шақырылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ұстаздар ұжымы, оқушыларымыз ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтағаны туралы да айтып өтті. Кезекті отырысында 2018-2019 оқу жылының мақсат-міндеттерін қойып, жоспарларын айқындап, қамқоршылық кеңесінің төрағасы кеңес мүшелеріне және мектеп директорына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңесте қаралып алдағы оқу жылында мектепте ата-аналардан ақша жинау фактілерін болдырмау және оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін сатып алмау туралы дұрыс түсінік жұмыстарын жүргізу мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілеріне атап тапсырылсын деген ұсыныс айтылды. Кеңес соңында мектеп директоры А.Т.Маликов қамқоршылық кеңес мүшелері алдында мектепті дамыту жоспарымен таныстырды.Кеңес мүшелері мектеп директоры А.Т.Маликовтың мектепті дамыту жоспарын қанағаттанарлық деп бағалап оң бағасын берді.
«№ 2 ОМ МДШО» КММ - нің «Қамқоршылық кеңесінің» 2018-2019 оқу жылына қойылған мақсаттары:
1.Білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2.Халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
3.Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу .
Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап «Қамқоршылық кеңес» мүшелері біраз жұмыстарды атқарды. Текелі қаласының азаматтарына қатынас хаттар жіберіліп, қамқорлыққа алынған, көп балалы жанұя балаларына көмек көрсетілді.




Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қожабек Арман.
Хатшы: Алимбаева Ж.И.