Родительский комитет » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Родительский комитет
25
февраль
2019

Родительский комитет

№ 2 ОМ МДШО КММ-нін
2018-2019 оқу жылындағы 1 жартыжылдықта ата-аналар комитетімен жүргізілген жұмыстарының есебі.




Тәрбие отбасынан басталса, Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Бала бақытының кепілі- ата-атаның өнегелі тәрбиесі десек,ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.
2018 жылдың 10 қыркүйек күнгі жалпы ата-аналар жиналысының шешіміне сәйкес № 2 орта мектептін ата-аналар комитетінің төрайымы болып Баранова Ольга Вячеславовна сайланды.
Ата-аналар комитетінің мүшелері:
1. 1 «Ә»сынып – Ершиналиева Айдана Батырбековна
2. 2 «А» сынып – Гимазова Наталья Ивановна
3. 2 «Ә» сынып – Шәрімханқызы Нұрқамал
4. 3 «А» сынып – Муртазалиева Разетта Муазовна
5. 4 «А» сынып – Баранова Ольга Вячеславовна
6. 4 «Ә» сынып- Құсманқызы Шәрбәт
7. 5 сынып- Гариева Любовь Руслановна
8. 6 сынып- Кочергина Александра Сергеевна
9. 7 сынып- Локотина Марина Михайловна
10. 8 сынып- Абдурзакова Зура Эловна
11. 9 сынып- Бридихина Марина Ринатовна
Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам. Мектеп өмірі ата – анамен тығыз байланысты қажет етеді. Ұл әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Сондықтан ата- аналармен мектеп әкімшілігі және ұстаздар тығыз байланыс жүргізіп турады. Ата- аналар арасында сайыстар ұйымдастырылып турады. Соның бірі «Мама, папа и я – спортивная семья», «Әз Наурыз», суреттер байқауы т.б. Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Мектепте бірде-бір іс-шара ата-анасының қатысуынсыз өтпейді. Мысалы, ата-аналар келесі іс-шараларға белсене қатысты:
- Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концер,
- Отбасы аптасында өткен денсаулық күндері,
- «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» акциясы,
- «Өзін-өзі тану – махаббат және шығармашылық педагогикасы» апталығы,
- Жаңа жылдық кештер,
- «Мен OFFLINE» республикалық акциясы.
Сонымен қатар 3-сынып ата-аналары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізіп шағын театрлық қойылым көрсетті.
2018 жылдың қырқүйек-қазан айларында «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана : өз балана үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясына 1-9 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Біздің ата-аналар комитетінін мүшелері «Түнгі қаладағы балалар» , «Жасөспірім» атты рейдтік шараларға үнемі қатысып турады. Мектеп әкімшілігімен бірге тәуекел тобындағы балалардын үйіне барып, ата-аналарымен әнгіме жүргізеді.
Мектепте өтетін қамқорлық кеңес және құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі отырастарына қатысып турады. 2018-2019 оқу жылының қамқоршылық кеңесінің 3 отырысана қатысып 2017-2018 оқу жылының негізгі қорытындыларымен, «Сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алу туралы», қамқорлық кеңестің жоспарымен сонымен қатар мектепте өтетін іс-шаралармен таңысып кетті.





Мектеп директоры А.Т.Маликов