тік "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында ата-аналарымен жиналыс » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Коммунальное государственное учреждение
"№2 орта мектебі"
отдела образования города Текели
Приемная
+7(72835)4-20-50
Бухгалтерия
+7(72835)4-47-78
Версия для
слабовидящих
» » "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында ата-аналарымен жиналыс
12
декабрь
2023

"Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында ата-аналарымен жиналыс

Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования города Текелинде
 "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Ата-аналарды  педагогикалық қолдау орталығының"  жоспарына сәйкес "Баланың бас ұстазы - ата-ана"  тақырыбында қазақ сыныптарының  ата-аналарымен жиналыс болып өтті. Жиналысты жаңа форматта бастауыш сынып мұғалімі Айтмағанбетова Айгерим Манасовна өткізді. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды » демеп пе еді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсінуіміз керек. 
Мақсаты: 
оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін арттыру және ынтымақтастықты нығайта отырып, ата-анамен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Ата -аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру