04
март
2022
Аналар сайысы
04.03.2022 ж. Мектебімізде "Мен анамын, ұрпағын әлдилеген" тақырыбында аналар сайысы болып өтті. Бұл шараға аналар өте белсенді қатысты. 1-кезеңде өздерін креативті түрде таныстырды. 2-кезеңде берілген тапсырмаларды мүдірмей орындап, өздерінің қандай алғыр екендерін көрсетті. Сондай -ақ өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті . Бірі кесте тігіп жатса, бірі тоқыма тоқыды. Қағаздан түрлі бұйым жасау және шаш өру арқылы да шеберліктері сыналды. "Ана образы" қандай болу керектігі насихатталды.
3-кезеңде салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ұтқырлық танытты.
4-кезеңде жұмбақ тапсырма берілді. Яғни, бұл кезеңде функционалдық сауаттылықты көрсетіп, АКТ-мен қандай жұмыс түрлерін ұсына алатындықтарын көрсетті .
Жүзден жүйрік атанып, ерекше көзге түскен аналарымыз жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушы аналарға сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипжанова Зарина Асхатовна, педагог-ұйымдастырушылар Гульжазира Орденбек және Айнур Толепберген .