Соңғы қоңырау » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2023

Соңғы қоңырау

2022 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде Соңғы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі форматта өтті. Қатысқандар: 129 оқушы және мектеп педагогтары. Соңғы қоңырау санитарлық  және қауіпсіздік талаптарына сай  өткізілді. Биыл мектеп бітірушілер 9 сынып білім алушылар. Сонымен қатар,  бастауыш сыныппен 4 «Ә», 4 «А»сынып оқушылар қоштасты. 
 Соңғы қоңырау салтанатты жиынымызға  Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы" Искакова Ақтолқын Отызбековна және Текелі қаласының білім бөлімінің әдіскері Бейсенбекова Арай Бауыржановна қатысты.
 Шара барысында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдады. Ал, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан  М.С.Таласбаев мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақжарма тілегін жолдады. Соңғы қоңырау соғылып, түлектер қоштасу вальсін орындады.