№2 орта мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы жүлдегер аруды сән салтанатымен қарсы алды. » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 орта мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы жүлдегер аруды сән салтанатымен қарсы алды.
27
февраль
2024

№2 орта мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы жүлдегер аруды сән салтанатымен қарсы алды.

ХІХ республикалық «Зерде» конкурсынан жүлделі  III орын алған мектебіміздің мақтанышы  4-сынып оқушысы Сарсембай Сезім ұстаздарының мәртебесін көтеріп, Текелі қаласының мерейін арттырды. Осыған орай бүгін №2 орта мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы жүлдегер аруды сән салтанатымен қарсы алды. 
Мектеп директоры Айдын Тоқтамұратұлы мектеп абыройы асқақтағанын айтып  жеңімпазымызды арнайы салтанатты шарада құттықтап, сыйлық табыстады. Сонымен қатар Жетекшісі Гульвира Қадірбекқызын оқушысын қатыстырып,  оқу білімге баулып, қабілетті  шәкірт дайындағаны үшін алғыс білдірді.