Ерлік сабағы » №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835)4-20-50
Есепші бөлімі:
+7(72835)4-47-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерлік сабағы
28
ноябрь
2023

Ерлік сабағы


Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болған,халық қаһарманы,  Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына байланысты, АӘД пәнінің мұғалімі  Киргабаков Р.А. «Ерлік сабағын» ұйымдастырып өткізді.  Мектебімізге  Қазақстан қарулы күштерінің ардагерлері майор Байсаков Белибек ағамызбен, аға прапорщик Махметов Марат ағаларымыз  арнайы қонақ ретінде шақырылды. Келген қонақтар әскер өмірінен сыр шертіп, кешегі мен бүгінгіні салыстыра әңгімеледі. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап берді. Ерлік сабағында жастардың рухын көтеретін өмірлік түрлі оқиғаларымен бөлісіп, жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды.