13
May
2022
Отбасы
"МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ОТБАСЫМ" отбасы институтын нығайту мақсатында үлгілі отбасымен кездесу өтті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, танымал тұлға Қырғабақов Рахым Асанбекұлы және оның жұбайы Естемисова Гуля Даукеновна қонаққа шақырылды. Жанұя мүшелері сүбелі сұхбат беріп, іргесі берік отбасы болудың қыр -сырымен бөлісті. Рахым Асанбекұлы әскери адам болғандықтан балаларды өз елінің патриоты болуға шақырды. Жігерлі , қайтпас-қайсар болуға үндеді. Отбасы құндылықтарын да атап өтті . Оқушылар әр түрлі сауалдарына жауаптар алды.